Мерзімді әскери қызметке алынған азаматтардың несие қарызына уақытша каникул беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мерзімді әскери қызметке алынған азаматтардың несие қарызына уақытша каникул беріледі

23.12.2022

Келер жылдан бастап мерзімді әскери қызметке алынған азаматтардың несие қарызына уақытша каникул беріледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Әскери борышын өтеу кезінде екінші деңгейлі банктер мен микронесие ұйымдарына берешегі бар азаматтардың қарызы өсіп, несие тарихына нұқсан келетін жағдайлар жиілеген. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін Қорғаныс министрлігі қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен өзара меморандумға қол қойды. Келісім бойынша әскерге шақырылғандардың қарызы кейінге шегеріледі. Ол үшін әскери бөлімнен анықтама алып, қаржы ұйымына өткізу қажет.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу