Алматыда «Narkostop» жобасының жедел желісі арқылы есірткіге тәуелділер мен олардың жақындарына 5000-нан астам консультациялық кеңес берілген. Жоба осыдан 1 жыл бұрын азаматтық бастама ретінде іске қосылған. Оның аясында 22 адам квота шарттары негізінде ақылы клиникаларда емделуге мүмкіндік алды.
Жобаның мақсаты - есірткіге тәуелділіктің алдын алуға және таралуына қарсы күресу. Сондай-ақ жоба қызметкерлері мен 1500-ден астам ерікті оқу орындарында семинарлар өткізіп, пайдалы ақпараттармен бөліседі. Бағдарламаның тағы бір тиімді тұсы - нашақорлық бойынша арнайы зерттеулер жүргізіледі.
Нұржан Жақыпов, жоба қызметкері:
Ресми статистика бойынша, қалада есірткіге тәуелді 1000-1200 адам тіркелген. Бірақ саны одан да көп екеніне сенімдіміз. Ең жасы кішісі - 12 жаста. Оған есірткіні анасы көрсеткен. Осындай да жағдайлар бар.
Жазира Оразқызы