АҚШ Сенаты келесі жылдың бюджетін қабылдады. Ол бойынша Украинаны қолдауға тағы 45 миллиард доллар бөлінеді. Бұл қаражат украиналық жауынгерлерді жаттықтыруға, қару-жарақпен қамтамасыз етуге, барлау жұмыстары мен логистикаға жұмсалады.
Америка берген әскери жәрдемді толықтырып отыру, экономикалық және гуманитарлық көмектерге де қаржы бөлінеді. Айта кетсек, осы жылдың өзінде Конгресс Украина үшін 67 миллиард доллардың көмек пакетін мақұлдаған.
Арыстан Рысбек