Оралда жылу электр орталығы 87 пайызға ескірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жылу электр орталығы 87 пайызға ескірген

23.12.2022

Оралда «Жайық жылу қуат» кәсіпорнының жылу электр орталығы 87 пайызға ескірген. Орталық ғимараттары 60-шы жылдары салынған мекемеге жыл сайын ішінара жөндеу жасалғанымен, нәтиже мардымсыз. Қазір жылыту маусымында үш қазандық жұмыс істеп тұр.

Тағы бірнеше қазандық резервке қойылған. Шаһарда жалпы ұзындығы 248 шақырым жылу желісі бар. Оның 60%-ға жуығы әбден ескірген. Энергетика басқармасының басшысы тозған құбырларды жөндеуге жобалық-сметалық құжат жасалып жатқанын айтты.

Миржан Нұртазиев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

Президенттің 12 желтоқсанда өткізілген жиналысындағы тапсырмасына сәйкес, жылу электр орталығы қажетті мекемелермен тексеріс жүргізілген болатын. Сол ұсынымдарға сәйкес, 5 жылдық жол картасы құрылып жатыр. Сол жол картасына сәйкес барлық жұмыстар болашақта жүргізіледі деп сенемін.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу