АҚШ-та аяз күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та аяз күшейді

23.12.2022

АҚШ-та аяз күшейіп келеді. 135 миллиондай адамға бірнеше минутта үсіп кету қаупі төніп тұр. Колорадо, Вайоминг, Чикаго, Монтана штаттарының халқына осындай ескерту жасалды.

Ал Миннессота мен Дакотада қар борап, көлік қатынасы тежелген. Кентукки, Солтүстік Каролина, Нью-Йорк, Джорджия мен Оклахома штаттарында төтенше жағдай жарияланды.

Бүкіл ел аумағында 5300-ден астам әуе рейсі шегерілген. Соңғы мәліметтерге қарағанда, кейбір аймақтарда ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу