Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы сотталды

23.12.2022

Алаяқтық жасады деп айыпталған Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы сотталды. Ол Талдықорған қалалық сотының үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-судьяға қызметтік бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен 1,5 млн теңге көлемінде пара алды деген айып тағылған еді.

Бұл істе судьядан бөлек пара берген кәсіпкер мен ортада делдал болған екі адам да сотқа тартылған. Алайда соңғы екеуі тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылыққа ілініп, істері тоқтатылды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу