Енді олар Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағыдай форматқа көшті. Яғни, барлық басқарманың өкілдері бір жерде орналасады. Әкімдіктің бірінші қабатында 15 басқарма қызметкерлері тұрғындарға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетіп, арыз-шағымдарды қабылдап, түрлі кеңес те береді. Сәйкесінше, халық үшін көптеген қолайсыздық жойылып, жұмыс оңтайланады.
Азамат НҰҒЫМАНОВ