Қостанайда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық көлікте жүру ақысы көтеріледі. Бұған дейін қала ішіндегі автобустарда электронды төлем 80 теңге болса, енді 100 теңге болмақ. Қолма қол ақшаға - 170 теңге.
Балалар белгіленген соманың жартысын, зейнеткерлер 90 пайызын төлейді. Ал қала маңына қатынайтын автобустардың бағасы шақырымына 5 теңгеге өседі. Яғни, елдімекен қаладан қаншалықты қашық жатса, жолақы құны да соншалықты жоғары болмақ. Қостанайда қоғамдық көлікте жүру ақысы 2017 жылдан бері өзгермепті.
Ал одан бері жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектің, жалпы көліктің құны да бірнеше есе қымбаттағаны мәлім.
Дәуренбек Әбдібек