ДДСҰ Қытайда науқастардың көбеюіне алаңдаулы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ Қытайда науқастардың көбеюіне алаңдаулы

22.12.2022

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда коронавирустың өршуіне алаңдаушылық білдірді. Кейбір болжамдарға қарағанда, келесі жылы бұл елде инфекция өрши түсіп, миллиондаған адамның өліміне әкелуі мүмкін.

Бұл орайда халықаралық медициналық мекеме Қытай үкіметінің тұрғындарды иммундауға бағытталған әрекетіне оң баға берді. Жаппай шерулерден кейін елде желтоқсанның басында локдаун ережелері жеңілдетілді. Содан бері науқастар саны күрт артып отыр.   

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу