Ұлыбритания ел экономикасына 20 млрд доллар қаржы құйған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания ел экономикасына 20 млрд доллар қаржы құйған

22.12.2022

Астана мен Лондон саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайта бермек. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді британиялық әріптесімен кездескенде айтты.

Мұхтар Тілеуберді мен Джеймс Клеверли өңірлік, сондай-ақ халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сапар барысында қазақстандық делегация британиялық инвесторлармен де кездесті.

Минералды ресурстарды барлау және өндіру, мұнай экспортын әртараптандыру, жасыл энергетиканы дамыту, Қазақстанда су тазарту нысандарын салу мәселелерін талқылады.

Бұдан бөлек Мұхтар Тілеуберді жергілікті ресми топ өкілдерімен жүздесіп, елдегі саяси реформалар жайлы баяндады.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі:

Біз экономикалық жағынан ең біріншіден сауда, екіншіден инвестициялар тарту мәселелерін талқыладық. Қазір екіжақты саудамыз жылдан жылға өсуде. Сонымен қатар Ұлыбританияның компаниялары біздің экономикаға 20 млрд АҚШ долларынан астам инвестицияларды салды.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу