Ақтөбе облысында 15 мыңнан астам жас кәсіпкер бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 15 мыңнан астам жас кәсіпкер бар

22.12.2022

Ақтөбе облысында шағын және орта кәсіпкерлік саласында қызмет ететін 29 жасқа дейінгі жастардың саны 15 мың 500-ге жетті. Бұл туралы аймақта өткен жас кәсіпкерлер форумында айтылды.

Биыл Ұлттық жоба аясында 337 жасқа 4,2 млрд теңге сомасына жеңілдетілген несие берілді. Тағы 375-і әртүрлі салада қайтарымсыз грант иеленіп, істерін дөңгелетіп отыр. Ал бүгінгі шараға 100-ден аса жас кәсіпкер, мемлекеттік органдар, екінші деңгейлі банк өкілдері мен бизнес сарапшылары қатысты.

Форум аясында шағын өндіріс орындарынан шығарылған өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар және тұрмыстық бұйымдар қойылды. Жас кәсіпкерлер өзара тәжірибе алмасып, Астанадан келген білікті мамандардың ақыл-кеңесін тыңдауға мүмкіндік алды.

Терезе перделерін шығарумен айналысатын Медет Ибраимов те жуық арада ісін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Медет Ибраимов, жеке кәсіпкер:

2-3 жыл болды жұмыс істеп жатқанымызға. Енді аппараттар алып, үлкен цех ашу ойымыз бар.Тігін машиналарын алып жатырмыз. Күнделікті қолданатын перфоратор, шрупаверт секілді заттарды алып жатырмыз.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу