«Қазгеология» басшылығы жемқорлық бойынша күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазгеология» басшылығы жемқорлық бойынша күдікке ілінді

22.12.2022

«Қазгеология» мекемесінің басшылығы жемқорлық бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» басшылығы тергеліп жатыр. Бірнеше жыл жалақы мен материалдық көмек 169 млн теңгеден астам сомаға артық төленген. Тергеу жалғасуда.






Хабарламаларға жазылу