«Coca-Cola» компаниясы қазақстандықтар үшін үлкен тосынсый дайындауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Coca-Cola» компаниясы қазақстандықтар үшін үлкен тосынсый дайындауда

21.12.2022

Жаңа жыл қарсаңында «Coca-Cola» компаниясы қазақстандықтар үшін үлкен тосынсый дайындап жатыр. Мерекеге орай, Coca Cola қолтаңбасы бар жүк көліктерінің керуені елімізді аралайды. Ол 23-29 желтоқсан аралығында еліміздің бес қаласы – Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды және Шымкент жолдарымен өтіп, тұрғындарды қуантпақ.

«Жаңа жылдық көңіл-күй әрқашан сенімен бірге». Осындай ұранмен компания қазақстандықтарға мерекелік сиқырын әзірлеп жатыр. Керуен «Мейрам келе жатыр» жаңа жылдық әуенінің сүйемелдеуімен қозғалады деп жоспарланған. Осыған орай, «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек, аталмыш әуенге ремикс те жазған.

Керуеннің қозғалысын арнайы веб-сайт арқылы бақылауға болады. Бұл жерден сүйікті брендтен сыйлықтарды қалай алуға болатындығы жөнінде ақпарат бар. Ал әлеуметтік желілерде арнайы хештегпен фотосурет жариялап, және @cocacola_kaz аккаунтын белгілегендер үшін компанияның 20 жәшік сыйы ойнатылады.

Алима Исембаева, «Coca Cola» Алматы боттлерс» компаниясының коммуникация және билікпен байланыс жөніндегі директоры:

«Coca Cola» жылдың айтулы мерекесінде жақсы көңіл - күй сыйлауды жалғастырып жатыр. Дәстүрге айналған науқан аясында сыйлықтар таратылып, компанияның дәмді сусындары беріледі. Мәселен, Астанада жүк көлігінің мұздан жасалған мүсіні тұрғызылып, халықтың ол жерде естелікке суретке түсуіне болады.

2022 жылдың ерекшелігі - әйгілі TikTok-хаус – YOLO House және BIP House-тың Coca Cola мерекелік керуеніне қатысуы болмақ. Алматы мен Астанада жүк көліктерінің бірі жаңа жылдық қонақ бөлмесі түрінде безендіріледі. Онда танымал тиктокерлер шыршаны сәндеп, жастармен жүздесіп, көңіл-күй сыйламақ.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу