Бас прокуратура автомобиль жолдары саласында жемқорлық фактілерін анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура автомобиль жолдары саласында жемқорлық фактілерін анықтады

21.12.2022

Бас прокуратура автомобиль жолдары саласында жемқорлық фактілерін анықтады. Құзырлы мекеме жүргізген тексеру барысында «Қазгерстрой» ЖШС-нің 43,4 млрд теңгені жымқырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ 600 миллионнан астам қаражат тиімсіз жұмсалған. Жобалау-сметалық құжаттаманы жасау кезінде шенеуніктер бағаны негізсіз көтеріп, 70-ке жуық жалған сертификат пайдаланылғаны анықталды.

Қазір барлық заңбұзушылықтар тексеріліп, 23 қылмыстық іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеуді жалғастырады. 

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу