АҚШ-та федералдық қызметкерлерге TikTok пайдалануға тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та федералдық қызметкерлерге TikTok пайдалануға тыйым салынады

20.12.2022

Америка құрама штаттарында федералдық қызметкерлерге тик-ток көруге тыйым салынбақ.

АҚШ Сенаты арнайы заң жобасын бір ауыздан мақұлдап, Өкілдер палатасына жіберді. Сенаторлар «TikTok әлеуметтік желісі Қытай компаниясына тиесілі. Ал, Қытай заңы бойынша, ол Қытай компартиясына мәлімет беріп тұруы міндет» деген уәж айтады. Жақында Федералдық тергеу бюросының басшысы да TikTok ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп мәлімдеген. Алайда TikTok басшылығы өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарды

 Уильям Бернс, АҚШ Орталық барлау агенттігінің директоры:

TikTok-тың негізгі иесі қытайлық компания болғандықтан, Қытай үкіметі осы елдегі көптеген TikTok пайдаланушыларының жеке деректерін беруді талап ете алады. Сондықтан америкалықтар TikTok-ты қолдану кезінде сақ болуы керек. Сондай-ақ TikTok контентін өзгертіп, оның Қытай басшылығының мүдделеріне сай болуын қадағалауы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу