Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Halyk» қаржы тобының өкілдері Александр Павлов және Үміт Шаяхметовамен кездесті. Мемлекет басшысына банктің қазіргі қызметі, даму перспективалары мен отандық бизнеске қолдау көрсету жұмыстары баяндалды. Қаржы ұйымының экономикадағы нақты секторды несиелендіруіне, цифрлық қызметтерге ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті қолдаудың және экономиканы қаржыландыруды ынталандырудың өзектілігі мен стратегиялық маңыздылығын атап өтті.