Еуразиялық экономикалық одақ аясында СТ-1 сертификатын алу жеңілдейді. Бұл-тауардың шығарылған немесе өнімнің өндірілген жері туралы құжат. Осыған дейін әр мекеме өнімді жөнелткен сайын 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы төлеуі қажет болатын. Енді барлық шектеулер алынып тасталады.
Иа Малкина, ЕЭК ресми өкілі:
«Еуразиялық реестрге енгізілетін тауарлардың тізбесі тағы 81 тауар түрімен толықтырылды. Оған электр құралдары, үтік, саңсорғыш, микротолқынды пештер және т.б тауарлар жатады. Құжатқа ие болғандар одақ аумағында мемлекеттік сатып алуға қатысады алады.»