Англия банкінде пайыздық мөлшерлеме тағы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Англия банкінде пайыздық мөлшерлеме тағы өсті

19.12.2022

Англия банкі пайыздық мөлшерлемені жыл басынан бері тоғызыншы рет көтерді. Ұлыбританияның бас қаржы институты халықтың күнкөріс деңгейі төмендеген соң осындай қадамға баруға мәжбүр. Бұл - соңғы 14 жылдан бері болмаған жағдай. Пайыздық мөлшерлеменің көлемі 3,5 процентке дейін жетіп отыр. Бұл ипотекасы бар адамдар үшін қиын. Олар несиелерін жабу үшін артығымен ақша төлеуі керек. Ал салымшылар үшін, керісінше, тиімді. Банктер оларға сыйақыны көптеп аударады. Англия банкі өткен жылдың соңында шарықтай бастаған қымбатшылықпен күресудің басқа жолын көрмей отыр. Бүгінде инфляция деңгейі 10,7 пайыз.

Эндрю Бэйли, Англия банкінің басшысы:

Инфляция деңгейі соңғы 40 жылда болмаған ең жылдам қарқынмен өсуде. Өйткені азық-түліктің, жылу мен жарықтың құны күн сайын қымбаттап жатыр. Теориялық тұрғыдан алғанда, пайыздық мөлшерлеменің жоғарылауы адамдарды азырақ қарыз алуға және жұмсауға, әрі көбірек үнемдеуге ынталандыруы керек. Нәтижесінде инфляция деңгейі төмендетуі тиіс.


Хабарламаларға жазылу