Тәуелсіздік мерекесін Түркияда тұратын жергілікті қазақтар атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік мерекесін Түркияда тұратын жергілікті қазақтар атап өтті

19.12.2022

Биылғы мерекені Ыстамбұлдағы «Қазақкент Алтай» ұйымының жастары ұйымдастырды. Мерекелік кешке жиналғандар өлең оқып, патриоттық әндер айтып, соңынан Ұлттық арна әзірлеген «Алтайдан Анадолыға» деректі фильмін тамашалады. Алыста жүрген қандастардың тілі мен ділін, бастысы қайдан келгендерін ұмытпауы үшін осындай басқосулар өте маңызды дейді жиынға келгендер.

Тұрды Юксел, Ыстамбұлда тұратын қазақ:

Өзіміз Ыстамбұлдың Гүнешлі ауданында тұрамыз. Қазақстан тәуелсіздігінің 31 жылын құттықтаймыз. Қазақстан тәуелсіз болғанда бәріміз қатты қуандық. Атамекенге барып келіп жүреміз. Екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастың көбейе беруін, жастардың қазақшылығын ұмытпауын тілеймін.


Хабарламаларға жазылу