Әлем чемпионатының жабылу салтанатында биылғы мундиальдың жүзден жүйрік деп танылған үздіктері марапатталды. Аргентина капитаны Лионель Месси турнирдің үздік ойыншысы атағын жеңіп алды. Байрақты бәсекеде ол 7 рет қақпаны дәл көздеп, 3 нәтижелі пас берген. Ал 8 голдың авторы Килиан Мбаппе «алтын кебіс» иегері атанды. Аргентиналық қорғаушы Энцо Фернандес турнирдің ең жас ойыншысы деген атақты иеленсе, оңтүстікамерикалық қақпашы Эмилиано Мартинес «алтын қолғапты» жеңіп алды.