Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздікті нығайту – басты міндет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздікті нығайту – басты міндет

15.12.2022

Бүгінгідей күрделі кезеңде тәуелсіздікті нығайту – басты міндет. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғары палата спикері Мәулен Әшімбаев осылай деді. Палата отырысында тәуелсіздік күнімен құттықтаған төраға еліміздің жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік екенін баса айтты. Бұл күн – еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі. Азаттығымыз бен еркіндігіміздің символы, - деді Сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Шын мәнінде, еліміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктерінің бәрі осы Тәуелсіздіктің жемісі. Тәуелсіздіктің арқасында біз демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудамыз. Қазір бүкіл әлем алмағайып кезеңді бастан өткеруде. Осындай күрделі шақта елдіктің іргесін бекітіп, Тәуелсіздікті нығайту – басты міндет.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу