600 миллиард теңгеден асатын заңсыз мүлік активтері мен қаражат қайтарылды - Олжас Бектенов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

600 миллиард теңгеден асатын заңсыз мүлік активтері мен қаражат қайтарылды - Олжас Бектенов

15.12.2022

11 айда елімізге құны 600 миллиард теңгеден асатын заңсыз мүлік активтері мен қаражат қайтарылды. Бұл туралы бүгін Президент қабылдауында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы баяндады. Олжас Бектеновтың айтуынша, бұл қаражат жақында триллионға жетуі мүмкін.

Айтуынша, елімізде және шетелдерде сомасы 360 млрд теңгеден асатын өзге де жылжымайтын мүліктер, автомобильдер мен қаражат анықталып отыр. Қазір оларды қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Ал тәркіленген ақша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мектеп құрылысына жұмсала бастады.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу