Семейдегі Жылу энергия орталығында апат болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі Жылу энергия орталығында апат болды

15.12.2022

Семейдегі 1-ші Жылу энергия орталығында апат болды. Жылу нысанында түн ішінде көмір шаңы тұтанып өрт шыққан. Салдарынан қуатты кабелдер жанып, қатты отын мен мазутты қазандықтарға жеткізетін құрылғылар істен шыққан. Жылуды тоқтатпау үшін қазір көмір бункерлерге қолмен тасымалданып жатыр.

Ол үшін 50 ден астам Төтенше жағдай қызметінің мамандары мен әскерилер жұмылдырылды. Соның арқасында қаланың сол жағалауының тең жартысын жылумен қамтитын нысан жұмысын тоқтатқан жоқ. Мамандар ақауды толық қалыпқа келтіру үшін уақыт керек деп отыр.

Дмитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:

Қалпына келтіру жұмыстары әлі ұзақ жүреді деп ойлаймын. Өйткені жанған қуатты кабельдің біреуін жалғау үшін 1,5 сағат қажет. Қазір жедел түрде бізге 6 жерден жанған сымдарды жалғауымыз қажет. Бұл 4,5-5 сағатты алады деген сөз. Көмір жүк тиейтін техникамен жеткізіліп, бункерлерге қолмен тасып жатыр.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу