Келер жылдан бастап ауыл тұрғындарына 2,5%-бен несие беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылдан бастап ауыл тұрғындарына 2,5%-бен несие беріледі

15.12.2022

Келер жылдан бастап ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен несие беріледі. Түркістан облысындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, аймақтық инвестициялық орталық және қаржы ұйымы, халыққа пайыздық мөлшерлемесі төмен несиені алудың жолдарын түсіндіріп жатыр.

Келес ауданында өткен кездесуде бағдарламаның негізгі шарттары және жаңа кәсіп ашу үшін жоба дайындау барысы айтылды. Сондай-ақ несие қандай көлемде берілетіні, қандай құжаттар керек болатыны түсіндірілді. Ал несие алушы азамат жайлы ақпаратқа ауыл әкімдіктері жауапты болады.

Олжас Көпбаев, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарушы директоры:

Бізде өзіміздің антикоррупциялық жұмыс істейтін болады. Біз қатаң түрде қадағалайтын боламыз осы бағдарламаны. Себебі бізге «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына» сенімгерлікке берілген соң, мемлекеттің тарапынан берілетін көмек соңғы борышкерге толыққанды жетуі керек.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу