Астанада БҰҰ қолдауымен іске асқан бағдарламалар таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада БҰҰ қолдауымен іске асқан бағдарламалар таныстырылды

15.12.2022

«Astana Hub» алаңында «Адамдармен ғаламшар үшін цифрлық қайта жүктеу» конференциясы өтті. Іс-шараның барысында Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының қолдауымен іске асырылған тұрақты даму саласындағы цифрлық шешімдер ұсынылды. Соның бірі «Отбасының цифрлық картасы» деп аталады. Бағдарлама мұқтаж жанұяларға мемлекеттің көмегі кедергісіз жетуін жеңілдетуге арналған.

Ербол Оспанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі:

Мысалы біздің Қазақстанда 6,3 миллион жанұя бар. Соның ішінде өзінің құқығын білмейтін азаматтар бар. Мемлекет тарапынан қандай да бір жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер бар. Мемлекет тарапынан берілетін көмектер туралы ақпарат мүлде білмейді. Сол азаматтарға проактивті түрде қызмет көрсету.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу