Қытайдың ірі госпитальдерінде 14 мыңдай, ал қоғамдық ауруханаларында 33 мыңдай клиника ашылды.
Оларға жүктелген міндет – вирус жұқтыруы мүмкін адамдарды өзгелерден алшақтату және емдеу. Мұны бүгін Бейжіңде өткен баспасөз маслихатында елдің денсаулық сақтау комиссиясының өкілдері айтты.
Қытайда карантин жетінші желтоқсанда жеңілдей бастады. Бірақ, бұл ұзаққа созылған жоқ. Өйткені кей жерлерде қатаң шектеулер алынып тасталғаннан кейін, коронавирусқа шалдыққандар саны арта түскен.
Арыстан Рысбек