Беларусь қарулы күштерінің жауынгерлік дайындығын тексеру басталды. Мұндай тапсырманы президент Александр Лукашенко берген. Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, тексеріс кешенді түрде жүргізіледі.
Әскери бөлімшелер белгіленген аудандарға қысқа мерзімде барып, инженерлік жабдықтарды, күзет пен қорғанысты ұйымдастыруы тиіс. Іс-шара кезінде жолдарда көлік қозғалысы шектелмейтіні туралы ескертілді.
Арай Төлеген