Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Adani Group компаниясының президенті Гаутам Адани Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаны іске қосу жайын талқылады. Көлік және логистика, энергетика, тау-кен металлургия кешені мен мұнай-химия салаларында жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.
Премьер-Министр мұның Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттар екенін атап өтті. Ал Adani Group компаниясының президенті «Ұзақ мерзімді инвестициялар салуға мүдделіміз, белсенді жұмыс істеуге дайынбыз», — деді.