Мемлекет басшысы «Adani Group» компаниясының президентін қабылдады. Кездесу барысында ұзақ мерзімді және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды. Гаутам Адани Мемлекет басшысына өзі басқаратын компанияның энергетика, мұнай-химия, жаңартылатын энергия көздері және экономиканың басқа да маңызды секторларында Қазақстан тарапымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты.
Досжан Маратұлы