Сапалы ауыз сумен қамту - басты назарда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапалы ауыз сумен қамту - басты назарда

13.12.2022

Алматыдағы Наурызбай ауданы халқын сапалы ауыз сумен қамту мәселесін шешу мақсатында 2 су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр. 100 шақырымнан астам инженерлік желілер қамтылған. Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында айтылды.

Жиынға Ұлттық экономика вице-министрі қатысты. Мемлекет басшысы Үкімет мүшелеріне өңірлерді аралап, халықпен тікелей жүздесіп, мұң-мұқтажын тыңдауды тапсырған еді. Бұл ретте Ілияс Өсеров Наурызбай ауданы тұрғындарын алаңдатқан мәселелерді назарына алуға уәде етті.

Ілияс Өсеров, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Наурызбай ауданының ең бірінші мәселесі - сумен қамтамасыз ету. Бірнеше шағын аудан әлі де су мәселесі, водовозбен тасып жүр. Оны бірінші шешу керек.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу