Мемлекет басшысы Татарстан президентін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Татарстан президентін қабылдады

13.12.2022

Мемлекет басшысы Татарстан президенті Рустам Миннихановты қабылдады. Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақты кеңейту мәселелері сөз болды. Екі ел арасындағы тауар айналымы биыл 9 айда 466 миллион доллардан асқан.

Бұдан бөлек Рустам Минниханов Қасым-Жомарт Тоқаевты қайта сайлануымен құттықтады. Әрі машина жасау саласындағы ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатқанын айтып, Татарстан компаниясы еліміздің Саран қаласында салған шина зауытынан бүгін алғашқы өнім шыққанын атап өтті. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу