Мемлекет басшысы Adani Group компаниясының президентін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Adani Group компаниясының президентін қабылдады

13.12.2022

Мемлекет басшысы Adani Group компаниясының президентін қабылдады. Кездесу барысында ұзақмерзімді және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды.

Гаутам Адани Мемлекет басшысына өзі басқаратын компанияның энергетика, мұнай-химия, жаңартылатын энергия көздері және экономиканың басқа да маңызды секторларында Қазақстан тарапымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу