Австралияда атыс болып, 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда атыс болып, 6 адам қаза тапты

13.12.2022

Австралияда атыс болып, 6 адам қаза тапты. Олардың екеуі – полиция офицері. Оқиға Квинслэнд штатының астанасы Брисбан қаласынан 300 шақырым жердегі Уимбиллада болды.

Тәртіп сақшылары жоғалып кеткен әлдебір тұрғынды іздеп сол маңға барған кезде шабуылға ұшыраған. Атыста үш күдікті, екі полицей мен көрші үйде тұратын бір азамат оққа ұшты. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жүрып жатыр.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу