Чилидің орталығында орман өртеніп, жақын маңдағы елді мекен тұрғындарына қауіп төндіріп тұр. Соңғы мәліметке қарағанда, бір мектеп пен бірнеше үй жанып кеткен.
Үш жарым мыңдай гектар жасыл желек күлге айналды. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, оттың 17 ошағы анықталған. Солардың алтауы ғана сөндірілді.
Ал ел астанасынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан Мелипилла ауданында жалын жан-жағын тез шарпып жатқандықтан, мектептерде оқу тоқтатылды. Әзірге адам шығыны туралы мәлімет түскен жоқ.
Арыстан Рысбек