Ақтөбе облысында мемлекеттік қолдаумен өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкер көбейіп келеді. Мәселен Ырғыз ауылының тұрғыны сабын шығаратын цех ашты.
Ерзат Тынышқали биыл қайтарымсыз грантқа ие болып, сабын өндірісімен айналысуды көрген. Өзбекстаннан әкілінген құрал-жабдығы сағатына үш жүзден бес жүз данаға дейін сабын шығаруға қауқарлы. Алайда шикізат тапшы.
Қазір кәсіпкер сағатына емес, тәулігіне 1000 данаға жуық өнім шығарып отыр. Сұраныс жоғары. Қазірдің өзінде көршілес аудандар мен облыс орталығынан тапсырыс көптеп түсіп жатыр. Жалпы Ырғыз ауданы бойынша биыл 10 тұрғын қайтарымсыз грант жеңіп алған.
Ерзат Тынышқали, кәсіпкер:
Кір сабын елімізге негізі сырттан келеді ғой. Сабын, бәрі сырттан келеді. Өзіміздің ішкі нарықты өзіміз қамтамасыз ете алмай жатырмыз. Бір жағынан сұраныс жоғары. Ауылдық жерде тұратын болғасын кір сабынды көп пайдаланамыз біздер.
Жақсыбек Кемал