Астанада Қазақстан мен Өзбекстан жастарының бірінші Конгресі өтіп жатыр. Шара екі ел Президентерінің кездесуі кезінде жасалған келісім аясында ұйымдастырылды. Форумға көрші елден 20-дан астам делегат қатысуда. Арасында блогерлер, еріктілер қозғалысының өкілдері мен жас кәсіпкерлер бар. Олар жастар арасындағы өзекті мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасады. Сондай-ақ, мемлекетаралық мемарандумға қол қою жоспарланған.
Олжас Сүлейменов , «Qazaqstan team» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:
Ең бастысы, ұйымдарымыздың өз арасындағы қарым-қатынасты нығайту бар меморандумда. Оның бәрі нақты көрсетілген жақсы бір жай ғана құжат емес іске асатын құжат болады деп сенеміз. Бұл жастар үшін өте маңызды. Неге десеңіз, қазір, өйткені қазір кезде көрші мемлекеттермен қарым-қатынасымыз тек экономикалық немесе сауда жағынан емес жастарымызда тығыз айналысу керек деп ойлаймын. Бұл болашаққа жақсы бір инвестиция және жастарымыздың арасында тығыз қатынас болады.
Лейло Эгамбердиева , өзбекстандық делегат:
Конгресс барысында біз түрлі бағыттағы секцияларға қатысып жатырмыз. Мен жастар ісі агенттігінің құзіретіндегі Жас кеңесшілер кеңесінің еріктілер қозғалысымен жұмыс істеймін. Біз бүгін өзіміздің волонтерлік бағыттағы жинаған тәжірибемізбен бөлісіп, жүзеге асырған жобаларымызбен таныстырамыз. Осы жиын арқылы екі елдің арасындағы халықаралық қатынастарымыз одан әрі нығая түсетініне сенімдімін.