Еуропарламент өкілі қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропарламент өкілі қамауға алынды

12.12.2022

Еуропарламентте сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен 4 адам қамауға алынды. Прокурорлар ақша жымқыру ісін тергеу аясында Брюссельдегі 16 үйге тінту жүргізген. Нәтижесінде 600 мың еуро тәркіленді.

Ұсталғандардың арасында Еуропарламенттің вице-президенті Ева Кайли бар. Олар футболдан Әлем чемпионатын өткізіп жатқан Қатармен коррупциялық байланыста болды деп айыпталып отыр.

Бельгия сотының мәлімдеуінше, ұсталғандар Еуропарламенттің шешімдеріне ықпал ету үшін Парсы шығанағы елінен ақша мен сыйлықтар алған. «Рейтер» агенттігі хабарлағандай, аты-жөнін атамауды жөн көрген қатарлық бір шенеунік мұндай әрекетті жоққа шығарды.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу