Елордадағы 133 тұрғынға қайтарымсыз грант берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы 133 тұрғынға қайтарымсыз грант берілді

10.12.2022

Елімізде шағын кәсіпкерлер саны өсті. Биыл желтоқсан айынының өзінде бес жүз мыңға жуық шағын кәсіпорын тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға жоғары. Қазір елорданың өзінде 30 мыңнан астам азамат шағын кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұған мемлекет тарапынан берілетін қайратымсыз грант септігін тигізген.

Астана тұрғыны Дамыс Болатхан төрт жыл бұрын мұндай кәсіпті ұршықша үйіріп отырамын деп ойламаған. Алғашында көліктердің орындық жамылғысын тігіп үйренген ол кейіннен трансформер қолсөмкені тіге бастады. Сапалы сөмкеге сұраныстың көптігінен тапсырыстарды дер кезінде орындау қиынға түскен.

Дамыс Болатхан, кәсіпкер:

Шыны керек, мемлекеттен қолдау болғанның нәтижесінде командамыздың саны артты. Құрылғыларымыз да жарқырып, көбейтіп алдық. Ары қарай да біз санымызды көбейтпесек, азайтпаймыз. Өнімнің де деңгейін көтеріп, әлемдік деңгейге шығуға ниеттіміз.

Ал бала күтімінде отырған дизайнер Балнұр Ахметқазиева күнделікті киетін киім үлгілерін ұлттық нақышта жасауды қолға алған. Киімнің дизайнын өзі сызады. Дайын болған киімге, қазақы өрнекпен өзіндік қолтаңбасын қалдырып, қолжетімді бағада сатады. Қазір қыздарға арналған киім-кешектің түр-түріне сұраныс жоғары.

Балнұр Ахметқазиева, кәсіпкер:

Кез келген матариалды рулонмен шығаратындай етіп үлкен аппарат алдым. Ол аппарат қазір Қазақстанда 8 млн тұрады. Мен соны дәл уақытында бес млн ға алып, сонымен де жұмыс жасап жатырмыз. Үлкен  пиджактарды және шарфтарды  жасаймыз.

Биыл Астана қаласы бойынша 5 млн теңге қайтарымсыз грантқа екі мыңға жуық өтініш түскен. Бұл 2021 жылға қарағанда 5 есе көп. Байқау қорытындысымен кәсіпкерлер ұсынған 133 жоба қолдау тапқан.


Хабарламаларға жазылу