Түркістанда «AMANAT» партиясының қолдауымен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті.
Дүбірлі дода ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды. Сөз барымтасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 18 ақын өзара бақ сынады. Олардың арасында «Алтын домбыра» иегері Рүстем Қайыртай, сондай-ақ Еркебұлан Қайназаров, Біржан Байтуов сынды ақындар бар.
Айтыстың қорытындысы бойынша, қазылар шешімімен Еркебұлан Қайназаров «Алтын домбыра» сыйлығының иегері атанып, 3 миллион теңге алды.