Үкіметте «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы талқыланды

10.12.2022

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Президент жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді.

Онда интернет сапасын жақсарту, байланыс инфрақұрылымын және жаңа цифрлық өнімдерді дамыту жоспарлары талқыланды. Салаға жауапты министр Бағдат Мусин «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын әзірлеу барысы туралы баяндады.

Әлихан Смайылов министрлікке бір ай мерзімде жобаны пысықтап, оны басқа мемлекеттік органдармен келісуді тапсырды. Сондай-ақ, деректер базасын жаңғырту кезінде ақпаратты 100 пайыз қорғау қажет деді.


Хабарламаларға жазылу