«Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі Шуша қаласына табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі Шуша қаласына табысталды

10.12.2022

Түркияның Бурса қаласы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесін Әзірбайжанның Шуша қаласына табыстады. Осыған орай түркі мемлекеттерінен келген өкілдер бас қосып, бауырлас елдердің өнерпаздары концерт қойды.

Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін беру дәстүрі 2012 жылы басталған еді. Ең алғаш бұл атақ Астана қаласына берілді. Ал 2017 жылы бұл мәртебеге түбі бір түркі жұртының рухани астанасы Түркістан ие болды. Ендігі кезек өткен жылы азат етілген Қарабақтағы Әзірбайжанның Шуша қаласында.

Биылғы мәдени астана Бурсада 50-ден аса түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Олардың қатарында түркі тарихына таңба басқан Құтлық қаған ескерткішін таныстыру және бүкіләлемдік көшпенділер ойындары сияқты ауқымды шаралар да бар.

Акын Аху, Бурсадағы дәстүрлі садақ ату қауымдастығының басшысы:

Бурса дәстүрлі садақ ату қауымдастығы ретінде бірқатар шараларда халқымыздың көне спорттық өнерін паш етуге тырыстық. Туыстас елдерден келген әріптестерімізбен танысып, байланыс орнаттық. Алдағы уақытта басқа да жобаларда осылай бас қосамыз деген ниеттеміз. 


Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу