БАҚ туралы жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ туралы жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр

09.12.2022

БАҚ туралы жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары айтты. Онда журналистердің құқықтық мәртебесін көтеру, ақпаратты еркін алуын қамтамасыз ету, БАҚ өкілдерін әлеуметтік жағынан қолдау тетіктері қаралған.

Бұл журналист картасы арқылы жүзеге аспақ. Жиында ішкі саясат, дін, жастар, қоғамдық ұйымдардың да өзекті мәселелері қаузалды. Министрлік өкілі бұл салалардың жұмысы ішінара реформаланатынын жеткізді.

Серік Егізбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары:

Тиісті ақпаратты беруге міндеттейтін мәселелер сол заңда қарастырылады. Тек қана өзінің кәсіби жұмысына байланысты емес, жалпы әлеуметтік қорғалуы жөнінде, басқа да мәселелер журналист картасында қарастырылады және қорғалады деген осы заңда қаралған.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу