Биыл шетелдіктердің қатысуымен 45 жоба пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл шетелдіктердің қатысуымен 45 жоба пайдалануға беріледі

09.12.2022

Биыл «KAZAKH INVEST» қолдауымен жалпы сомасы 4,1 миллиард долларға шетелдіктердің қатысуымен 45 жоба пайдалануға беріледі. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы Директорлар кеңесінің кезекті отырысына айтылды.

Сондай-ақ жиында 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Корпоративтік басқару кодексінің жобасы және Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің кейбір мәселелері қаралды. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шетелдік компаниялар үшін өңірлерде 212 іс-сапар ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, 13 ірі инвестициялық іс-шара өткізілді. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу