Қаржыны қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржыны қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырғандар ұсталды

09.12.2022

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұзақ жылдары бойы есепшоттағы қаржыны қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырумен шұғылданған қылмыстық топтың ісіне нүкте қойды. Олар осы уақытқа дейін 135 млрд теңге қаржыны түрлі әдістер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып үлгерген.

Заңға қайшы әрекетке 300 адам, 500-ге жуық жалған компания мен 5 мың контрагенттер тартылған. Сот үкімімен 20 азамат кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза мерзіміне бас бостандығынан айрылды.

Бұл іс еліміздегі өзге де көлеңкелі экономикаға қарсы іс-әрекеттердің алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Демек алдағы уақытта осыған ұқсас қылмыстардың жылдам ашылуына септігін тигізетін болады дейді,-мамандар. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу