Мәжіліс төрағасынан кейін Президент Жоғарғы Соттың жаңа төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Кездесу барысында сот жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Асламбек Мерғалиев заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың судьяларға сенімін арттыру үшін сот жүйесін жетілдіру бағыттарына қатысты өз көзқарасын білдірді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сот төрелігінің сапасын одан әрі жақсартуды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
Серік Селеубай