Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстан қор нарығы тарихындағы ең ірі IPO шеңберінде «ҚазМұнайГаз» акцияларының сауда-саттығын ашу рәсіміне қатысты.
Ол өз сөзінде жетекші ұлттық компанияның IPO-сы экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту реформасын әрі қарай іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқанын атап өтті. IPO-ның жалпы көлемі 154 млрд теңге, ал берілген өтінімдер саны – шамамен 130 мың. Қазақстандық инвесторлардың үлесі 95%-дан артық.
Ірі мемлекеттік компанияларды қор нарығына шығару олардың қоғам мен акционерлер алдында есеп беру міндетін ұлғайтып, ашықтығын арттырады.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
ҚазМұнайдың IPO-сы Қазақстан қор нарығы үшін ірі мәмлелердің бірі болып табылады. Бұл отандық қаржы нарығын дамытуға, еліміздің азаматтарына, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» компаниясына да оң әсерін береді. «ҚазМұнайГаз» бұдан былай Қазақстанның биржалық индекстерінің зәкірлік эмитенті болатын ескере отырып, біз халықаралық инвесторлардың тарапынан да айтарлықтай қызығушылқ танытуды күтеміз.
Ламбриан Топузидис