Путин: «Арнайы операция» ұзаққа созылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин: «Арнайы операция» ұзаққа созылуы мүмкін

08.12.2022

Ресейдің Украинадағы «арнайы әскери операция» деп атайтын шайқасы ұзаққа созылуы мүмкін. Президент Владимир Путин елдің Адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшелерімен өткен кездесуде осылай деп мәлімдеді.

Кремль басшысының сөзінше, қосымша мобилизация жарияланбайды. Қыркүйекте әскерге алынған 300 мыңдай сарбаздың жартысы шайқастарға жіберілген. Ал қалғаны әлі де дайындықтан өтіп жатыр. Сондай-ақ Путин ядролық қаруды бірінші болып қолдану мүмкіндігін жоққа шығарды. Жаппай қырып-жою қаруын тек қана шабуылға жауап ретінде қолданатынын айтты. Ал Ресейдің ұрыс даласындағы сәтсіздіктеріне тоқталған жоқ. Тек әскерді жабдықтау, ем көрсету, дезертирлік мәселелері бар екенін мойындады.


Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу