Марокко құрамасының Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы тарихи жеңісін жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінде тойлап жатыр. Мәселен, Брюссель полициясы түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 100-ден астам морокколықты ұстаған. Нидерландының бірнеше қаласында да жеңісті тойлауға шыққан жанкүйерлерді полиция күшпен таратқан. Ал Италияның Верона қаласында көшеге шыққан марокколықтарға шабуыл жасаған жергілікті тұрғындар тұтқындалды.
Серік Селеубай