Германияда билікті құлатуды жоспарлады деген күдікпен әсіре оңшыл террористік топтың 25 мүшесі ұсталды. Олар полиция жүргізген рейдтік шаралар кезінде қолға түскен. Тағы 27 адамға қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл операцияны 3 мыңдай полиция қызметкері 11 федералдық штатта жүргізді. Ұсталғандардың арасында бір сарбаз бен запастағы бірнеше жауынгер бар. Тергеу деректеріне сай, күдіктілер - бір жыл бұрын құрылған лаңкестік топтың мүшелері. Олар Бундестагқа шабуыл жасауды және депутаттарды кепілге алуды жоспарлаған.