Қытайда карантин жеңілдетіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда карантин жеңілдетіліп жатыр

07.12.2022

Қытайда коронавирусқа байланысты карантиндік шектеулер тағы да жеңілдеді.

Елдің денсаулық сақтау комиссиясы 10 пункттен тұратын мәлімдеме жариялады. Оған сәйкес, ковид тіркелмеген мектептерде сабақ қайта басталады. Тұрғындардан денсаулығы жайлы анықтаманы смартфоннан көрсету талабы да күшін жоймақ. Вирус жұқтырғандар бұрынғыдай ауруханаға қамалмайды.Үйлерінде оқшауланады. Демек, бір адам үшін тұтас ғимарат немесе аудан карантинге жабылмайды. Айта кетейік, елдің бірнеше қаласында локдаунға қарсы шерулер өткеннен кейін Қытай үкіметі «нөл-ковид» саясатын жұмсартуға кірісті. Соңғы мәліметке қарағанда, өткен тәулікте бұл елде коронавирус 20700-дей адамнан табылған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу